Бүгiн, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Құрметті достар! Назарларыңызға "Қазақстан шетелдіктер көзімен" фотоайдарының жетінші жарияланымын ұсынамыз! Қазақстанға серуендеп келген не елімізде тұрып жатқан шетел азаматтарының интернет желісіне салған қызықты суреттерін аптаның сейсенбі және жұма күндері жариялап отырамыз.
2011 жылдың шілде айында елордамыздың туған күнін тойлауға әлемдік эстрада жұлдызы Jay Sean арнайы қонақ болып шақырылды. Twitter-дегі әлеуметтік парақшасында Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін білдірді.
Саяхатшы Николастың Текеліде тапқан тарихи ескерткіштері
Ұлыбританиядан көшіп келген Гаррет мырза жәрмеңкелерімізге қызыға барады. Әр сапары фейсбукте осындай ерекше суреттермен баяндалады.
Гаррет мырза Шымкенттен Астанаға жүрген 26 сағаттық сапарында жаңа адамдармен танысып, әдемі табиғатты тамашалап, Қазақстанды жаңа қырынан бақылады.
Ал бұл Льюистер отбасы. Дженифер жолдасына қымыз ішуді үйретуде.
Льюис ханым елордамыздың қытымыр аязына таң қалуда
Астананың аязды түндерінде орын алатын таңғажайып құбылысты бақылаған Гаррет дереу суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі достарын да таң қалдырды.
Фотоайдардың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөлімдерімен осы сілтемелер арқылы таныса аласыздар
Фото: Instagram, Facebook
Әзірлеген: Айгүл Шерниязова
Бүгiн, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр