13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚұрметті достар! Назарларыңызға "Қазақстан шетелдіктер көзімен" фотоайдарының екінші жарияланымын ұсынамыз!
2014 жылдың шілде айында елордамыздың туған күнін тойлауға әлемдік эстрада жұлдыздары «Blue» тобы арнайы қонақ болып шақырылды. Facebook-тегі әлеуметтік парақшасында Астанаға келгеніне қуанышты екенін және олардың шығармашылығының жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді.
Ал бұл Назарбаев Университетінің профессоры Дженнифер Льюистің инстаграмы. Күйеуі мен әкесіне қымыз ішуді үйретеді екен.
Дженнифердің парақшасын қарап отырып, оның елордамыздағы таңғажайып табиғи құбылыстарды сүйіп бақылайтынын түсіндік
Профессор Астана опера және балет театрында "Ұйқыдағы ару" қойылымын тамашалапты. Инстаграм парақшасында алған әсерлерімен бөлісті.
«Әдемі қойылым, тамаша әуендер, бишілердің шеберлігі керемет болды! Үлкен әрі әдемі декорациялар таң қалдырарлық!» - дейді Дженнифер.
2014 жылы өткен Сочи Олимпиадасында Дженнифер Қазақстанға жанкүйер болды.
Ал бұл суреттер Астана күніне орай Париж қаласында ұйымдастырылған көрме алаңында түсірілген.
Түрік студенті домбыра үйренуге ықылас білдіріпті..
Фотоайдардың бірінші жарияланымын осы жерден оқи аласыздар!
Айгүл Шерниязова
Фото: Instagram
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды