13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызӘлемдік қауымдастықты Қазақстанды ұлтаралық бірлік пен тұрақтылықты сақтап отырғаны үшін жоғары бағалайды, себебі 130-дан астам ұлттың бір елде, бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруі көптеген ел үшін таңғаларлық нәтиже. Мұндай нәтижеге қолжеткізуде Елбасы Н.Назарбаевтың инициативасымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі ерекше.
1992 жылы Қазақстан халықтарының алғашқы форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев осы форумға тұрақтылық беру жайлы идеясын айтқан болатын. Осы бастаманың негізінде 1995 жылдың 1-наурызында Республиканың қоғамды-саяси аренасында ұлттық саясатты жүзеге асырушы жаңа институт – Қазақстан халқы ассамблеясы ашылды. Осы күннен бастап Ассамблея еліміздегі ұлтаралық тұтастықтың символына айналып, жыл сайын жаңа деңгейге өсіп, әртүрлі қадамдар арқылы институт ретінде күшейе берді. Сондай маңызды қадамдардың бірі бүгін жасалып отыр.
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, соның аясында Ассамблея интернет-сайтының жаңа дизайны көрсетілді.
«Қазконтент» АҚ әзірлеген жаңа интернет-сайт заманауи дизайнмен рәсімделіп, Қазақстан халқы ассамблеясының тіршілігін қоғамға мейлінше ашық көрсететіндей етіп жасалған. Сайттан Ассамблея аясында қабылданған нормативтік-құқықтық актілерден бастап, өңірлік этномәдени бірлестіктер жайлы толық ақпаратты алуға болады.
Айта кетерлік жайт, Ассамблеяның бүгінгі жиыны мен жаңа дизайндағы сайттың көрсетілуі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылды.
Дәурен Омаров
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды