Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қазақстан атом электр стансасын салу үшін АҚШ технологиясын қарастырмайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты,– деп хабарлайды El.kz.
«АЭС-қа қатысты қысқаша айта кетейін. Бұған дейін лайықты технология таңдау процесі жүріп жатқанын айтқан едік. Әзірше қандай да бір технологияны таңдап алған жоқпыз. Өткен жылы Түркия, Франция, Оңтүстік Кореяға барып көрдік, Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарладық. Жоспарда венгер нысандары бар. Барлық станса әртүрлі технологиямен салынған. Түркияда - ресейлік «Росатом» технологиясы», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, аталған елдердегі технологиялардың барлық оң және теріс жақтарын саралау қажет.
«Бірнеше нұсқа бар. Не мемлекет өзі салады не болмаса технология лицензиарына салу мүмкіндігі беріледі. Қауіпсіздік, сесмикалық зерттеу әлі жүргізіліп жатыр. Дегенмен, шамамен құрылыс алаңын айқындап қойдық, ол - Үлкен елді мекені. Осы уақытқа дейін 5 технологиядан тұратын қысқа тізім болған. Біз АҚШ технологиясын қарастырмаймыз деп шештік. Себебі референттік емес блоктан салынады», – деді Болат Ақшолақов.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс