29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАзаматтық авиация комитеті Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы елшілігімен бірлесіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін пысықтады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Осылайша қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы 1 шілдеден бастап жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы – Чэнду бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін жаңартады.
Сондай-ақ, 7 шілдеден бастап жұма күндері қосымша рейс қосылады. Рейстер Boeing-767 және А321 NEO типті әуе кемелерінде орындалады.
Өз кезегінде, ҚХР тарапынан «China Southern Airlines» қытайлық әуе компаниясы 1 шілдеден бастап жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы – Үрімші бағыты бойынша тұрақты жолаушылар әуе рейстерін жаңартуды жоспарлап отыр.
Рейстер Boeing-737 және Boeing-787 әуе кемелерінде орындалады.
Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі достас ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ҚХР азаматтары үшін енгізуге жоспарланған 14 күндік визасыз режимді толық пайдалануға ықпал етеді.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайтында жарияланған кестемен орындау жоспарланғанын атап өткен жөн. Билеттер әуе компаниялардың ресми сайтында сатылып жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек