23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу үшін Қырғызстан азаматтарына жыл сайын 50 орынға дейінгі көлемде гранттар ұсынылады. Қырғыз Республикасының 15 азаматына «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «инженер, өңдеу және құрылыс салалары», «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» мамандықтары бойынша білім алуға орын бөлінеді. Сонымен қатар 5 адамға медициналық мамандықтар бойынша орын бөлінеді. «Педагогика ғылымдары», «өнер және гуманитария ғылымдары», «әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «бизнес, басқару және құқық» мамандықтарына 10 адам қабылданады. Ал Қырғыз Республикасының азаматтары болып табылатын ұлты қазақ адамдарға еліміздің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 20 орын қарастырылған, - деп көрсетілген құжатта.
Келісім аясында қазақстандықтар да Қырғызстанның жоғары оқу орындарында оқи алады.
Атап айтқанда, көршілес ел техникалық мамандықтарға – 4, медицина мамандықтарына – 3, гуманитарлық-экономика мамандықтарына 3 адамды оқытады. Құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан тарапы жыл сайын 30 наурызға дейін білім беру ұйымдарының тізімін ұсынуы тиіс.
Екі ел Үкіметі арасындағы құжат жобасы 2022 жылғы 3 тамызға дейін қоғам талқылауына ұсынылған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады