23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОсылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан екінші рет өз алаңында тең түсіп, Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі «Е» тобында бесінші орынға табан тіреді.
Елордада күннің салқындағанына қарамастан ұлттық құраманы қолдауға футбол сүйер қауым «Астана Арена» стадионына жиналды. Бірінші таймда румыниялық Богдан Станку мен қазақстандық Сергей Хижниченко қауіпті сәттерді тудырса, екінші таймда Самат Смақов мен Исламбек Қуат қарсыластың қақпасына бағытталған соққыларымен көзге түскен болатын.
Алайда екі команда да қақпа саңылауын таба алмай, тең ойынмен тарады. Ұлттық құрамамыз келесі кездесуін 11-ші қарашада сырт алаңда Данияға қарсы өткізеді.
Самат Смақов, Қазақстан құрамасының капитаны:
— Жеңіске қол жеткізе алмағанымыз өкінішті. Барынша тырысып бақтық. Меніңше, біз бүгін бір ұпайға қол жеткізген жоқпыз, керісінше екі ұпайдан айырылдық.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смақов ұлттық құрама сапында өзінің соңғы ойынын өткізді. Самат Смақов «Екі айдан кейін отыз сегіз жасқа толамын. Әр нәрсе өз уақытымен. Уақытында кете білген де дұрыс» - деді, берген сұхбатында.
|
1 |
ЧЕРНОГОРИЯ |
3 |
2 |
1 |
0 |
7-1 |
7 |
|
2 |
ПОЛЬША |
3 |
2 |
1 |
0 |
7-5 |
7 |
|
3 |
РУМЫНИЯ |
3 |
1 |
2 |
0 |
6-1 |
5 |
|
4 |
ДАНИЯ |
3 |
1 |
0 |
2 |
3-4 |
3 |
|
5 |
ҚАЗАҚСТАН |
3 |
0 |
2 |
1 |
2-7 |
2 |
|
6 |
АРМЕНИЯ |
3 |
0 |
0 |
3 |
1-8 |
0 |
Алмас САУДАМБАЙ
Суреттер: vesti.kz
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады