13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматы жастары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына алғыс айту үшін ұшақ трапынан күтіп алды.
Алматы жастары өздеріне қамқорлық жасап, шексіз қолдау көрсеткен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына алғыс айту үшін ұшақ трапынан күтіп алды.
Қаланың барлық жоғары оқу орындарын біріктіретін G-38 студенттік ұйымның екі мыңға жуық студенті Елбасын гүлмен қарсы алды.
Траптан түскен Нұрсұлтан Назарбаев тосын сый көрсетіп, жылы қарсы алғаны үшін жастарға ризашылық білдірді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекетімізді дамыту ісіндегі жас ұрпақтың маңызды рөліне ерекше тоқталды.
– Сіздер – бақытты жансыздар. Себебі Алматы сияқты әсем қалада білім алып, гүлденген әрі бүкіл әлемге танымал елде өмір сүріп жатырсыздар. Қазақстан – біздің Отанымыз. Біздің міндетіміз – тәуелсіздігімізді қорғау. Баршаңызға мықты денсаулық, болашақтарыңызға табыс тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды