2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліФутболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 5-турында Беларусь командасын қабылдап, жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz.
Кездесу елордадағы "Астана Аренада" өтті. Ойындағы алғашқы қауіпті шабуылды қазақстандықтар ұйымдастырды. 24-минутта Аслан Дарабаев қақпаға бірнеше метрден соққы жасаған - голкипер құтқарып қалды.
Ал бес минуттан соң алаң иелері есеп ашты. Рамазан Оразовтың әдемі пасынан кейін қорғаушы Михаил Габышев ұрымтал тұсқа шығып, алыс бұрышты дәл көздеді - 1:0.
Бірақ командалар үзіліске кетер кезде қонақтар таразы басын теңестіре алды. Стандарттардың бірінде Павел Савицкий допқа бірінші жетіп, гол соқты.
Екінші таймда Габышевтің дубль жасайтын мүмкіндігі болған - қақпашыны алдап өткенімен, допты аяғына бағындыра алмады.
Кездесудің 79-минутында Абат Айымбетовтің пасынан кейін Бақтиер Зайнутдинов гол соғып, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.
Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы өз тобында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Енді Ұлттар лигасының келесі маусымында Қазақстан В дивизионында өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, қазақстандықтар турнирдің плэй-офф кезеңіне шықты, енді біздің команда Еуро-2024 жолдамасына таласады.
Айта кетейік, Магомед Адиев шәкірттері енді 25 қыркүйекте Әзербайжан құрамасына қонаққа барады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс