23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
Бұл туралы Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«Бүгін шағын құрамда болған келіссөзіміз бауырластық рухында өтті. Сізбен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ маңызды халықаралық мәселелерді талқыладық. Ықпалдастықтың басым бағыттарына тың серпін беруге келістік. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып жатқанын атап өттік. Енді алдымызда тұрған мақсат - сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізу», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға қарата.
Мемлекет басшысының дерегінше, Анкара соңғы 15 жылда Қазақстанға 4,35 млрд доллар инвестиция құйды.
Ал Қазақстан Түркияға 1,13 млрд доллар қаржы салды. Түркия Қазақстанның ең ірі 10 инвесторының қатарында тұр.
«Жалпы, екіжақты сауда-саттық әлеуетін арттыру жолында транзиттік тасымал бағыттары маңызды рөл атқарады. Біз тасымал шығынын азайтып, жеткізу мерзімін қысқарту үшін Транскаспий дәлізін дамытуға шақырамыз. Бұл мәселе бойынша біз бүгін пікір алмастық. Көзқарасымыз бірдей», - деді ҚР Президенті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік