Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіріп, екі елдің халқын тарихи және туыстық қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, қазақ-түрікмен ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін мұның мәні зор екенін жеткізді, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Түрікменстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет. Біздің тарихымыз бен шекарамыз ортақ. Бізді мәдени-гуманитарлық салалар және экономикалық мүдде секілді көп бағыттар байланыстырады, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге, соның ішінде энергетика, көлік және логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларына ерекше назар аударылды.
Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізге сапармен келуге шақырғаны және қазақ жерінде қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтты.
– Бұл – менің Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапарым. Біз бұл сапарды елдеріміздің арасындағы екіжақты байланыстарды дамытудың маңызды кезеңі ретінде қарастырамыз, – деді Түрікменстан Президенті.
Сондай-ақ ол биыл дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.
– Осы жылдарда екі ел арасындағы қатынастар кең ауқымды бағыттар бойынша табысты дамыды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді аталған маңызды датамен құттықтағым келеді, – деді Сердар Бердімұхамедов.
Түрікменстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түрікменстанның Милли Генгеші Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы