Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда 2 есеге өсті. Бұл туралы бүгін Ақордада Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Бүгін біз қазақ-түрікмен қарым-қатынастарының стратегиялық сипатын тағы да растадық және бауырлас халықтарымызды одан әрі жақындастыруға өзара ұмтылысымызды білдірдік. Достық пен өзара тиімді түрде көпжоспарлы ынтымақтастығымыздың басымдықтарын айқындадық. Сауда-экономикалық серіктестікке ерекше көңіл бөлінді. Өткен жылдың қорытындысында бірлескен іс-шаралардың арқасында екіжақты тауар айналымымыз екі есеге артып, 250 млн доллардан асты. Биыл да оң динамика сақталды. 7 айда өзара сауданың екі есе өсуі қамтамасыз етілді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы үкіметаралық байланыстар, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстар айтарлықтай жанданғанын атап өтті.
«Экономиканың түрлі саласында бірқатар жоба іске асыру сатысында тұр. Сондықтан, бізде сауда-экономикалық кооперацияны тереңдету үшін айтарлықтай резервтер бар деп санаймыз. Осыған байланысты біз экономикаларымыздың өзара толықтырылуын ескере отырып, экспортты әртараптандыру қажеттігін белгіледік», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы