13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызКездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективалық бағыттары туралы пікір алмасты, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған екіжақты, оның ішінде Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30-жылдығы аясында атап өтілетін іс-шаралардың кестесін талқылады.
Атап айтқанда, осы жылдың күзіне жоспарланған Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-моңғол үкіметаралық комиссиясының келесі отырысына егжей-тегжей дайындықтың, сондай-ақ жоғары деңгейдегі өзара байланыстар мен сапарларды сапалы пысықтаудың маңыздылығын атап өтті. Э. Одбаяр Моңғолияда Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың бастамасы бойынша іске асырылып жатқан миллиард ағаш отырғызу жөніндегі жобаға Қазақстанның қатысуына қызығушылық танытты. Өзара біріккен күшті жұмылдыруға болатын басым бағыттар ретінде ол сондай-ақ «жасыл» экономиканы бірлесіп дамытуды, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен халықтың денсаулығы салаларындағы ынтымақтастықты атады.
Өз кезегінде Ғ.Қойшыбаев екі елдің аталған бағыттардағы ұлттық бағдарламалары мен жобаларының мақсаттары мен міндеттерінің ұқсастығын айта отырып, өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында аталған мәселелерді алдағы үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Сонымен бірге, ол контрәріптесін бір күн бұрын орын алған Моңғолия Үкіметінің жаңа құрамының бекітілуімен құттықтап, қазақ-моңғол әріптестігін барлық бағыттарда одан әрі нығайту мақсатында екі елдің тиісті министрліктері мен ведомстволары арасында тікелей байланыс орнатуға белсенді түрде жәрдемдесуге қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің әзір екенін жеткізді.
Сонымен қатар, әңгімелесу барысында Қазақстан мен Моңғолияның халықаралық істердегі өзара іс-қимылының жекелеген мәселелері, БҰҰ, АӨСШК және МАГАТЭ сияқты көпжақты форматтар шеңберінде өзара қолдау көрсету, сондай-ақ екі елдің кандидатуралары мен жаһандық бастамаларын ілгерілету мәселелеріндегі ынтымақтастық талқыланды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды