1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚарағандыға жұмыс сапарымен «Сібір Миссиясы» жобасы аясында Литва делегациясы келді.
«Сібір Миссиясы» жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан мен Литва елдерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайту және жер аударылған литвалық азаматтардың зираттарын жөнге келтіру, шет елдерде тұратын литвалықтармен кездесулерді өткізуге бағытталған.
Литва Республикасының шетел істері жөніндегі вице-министрі Дарюс Скусявичюс бастап келген делегация мүшелері Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездесіп, екі ел арасындағы әріптестік үшін, ағымдағы жылдың шілде айында аталмыш экспедицияның жас мүшелері облысымызға келіп, естелік белгілерін қойғанда қолдау көрсеткендігі үшін ризашылықтарын білдірді.
Ол кезде экспедиция мүшелері Қазақстанға жер аударылған литвалықтардың Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш, Шахтинск, Саран қалалары мен Абай ауданында орналасқан зираттарының басына барып, естелік белгілерін қалыпқа келтіріп және зираттардың аумағын абаттандырған болатын.
Сондай ақ, Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында, Спасск мемориалды кешенінде, «Мамочкино» зиратында және Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде болды.
Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын қонақтарды осында орналасқан этномәдени орталықтардың жұмысымен, «Шабыт» көрме залымен, музей жұмысымен таныстырды.
Литвалық қонақтар экскурсия мен жылы құшақ үшін алғыстарын білдіріп, Достық үйі шын мінінде әр этностың мәдениетін, салтын, тілін сақтай отырып, бейбітшілік пен келісімді құрметтеуге бағытталған орын екенін атап кетті.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?