Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыҚазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Беларусь Елшісі Павел Утюпиннің кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында дипломаттар екі елдің мемлекет басшыларының құттықтау хаттарымен алмасып, өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселерін талқылады.
Тараптар Қазақстан-Беларусь қатынастарының дәстүрлі достық сипатын және барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуын қанағатпен атап өтті. Осыған байланысты машина жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларында бірлескен жобаларды іске асыруда көрініс тапқан күн тәртібі ерекше атап өтілді.
Бұл тұрғыда құрылыс, өнеркәсіптік кооперация, сондай-ақ білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты жандандыруға жәрдемдесу туралы уағдаластықтарды растады.
Сонымен қатар, сұхбат барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясын, АӨСШҚ-нің 6-шы саммитін, ТМД мемлекеттері басшылары мен сыртқы істер министрлері кеңестерінің отырыстарын қоса алғанда халықаралық іс-шаралар кестесі бойынша «сағат теңестірді».
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?