Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл күнгі соңғы екі кездесуде А тобында Алматының «Қайраты» өз алаңында «Атырау» командасынан 3:0 есебімен басым түсті. Бұл топтағы тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Ақсу» клубы Шымкенттің «Ордабасы» командасына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Аталған топтан «Қайрат» пен «Ордабасы» ширек финалға жолдама алды.
Сондай-ақ В тобында ақтаулық «Каспий» өз алаңында «Ақжайықты» 2:1 есебімен тең түссе, «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тараз» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Енді 14 тамызда 18:00-де D тобында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), 21:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), В тобында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойындары басталады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс