7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстан Республикасы ресми түрде Халықаралық әскери медицина комитетіне (ХӘМК) бақылаушы ретінде қабылданды, деп хабарлайды El.kz СІМ сілтеме жасап.
2022 жылы ҚР Бельгиядағы Елшілігінің бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесе мемлекетіміздің тиісті өтінішін енгізуді пысықтады. Ағымдағы жылдың 5-9 қыркүйегі аралығында ұйымның Брюссельде өткен кезекті әлемдік конгресі барысында мүше мемлекеттер оны оң бағалаған.
Қазақстан делегациясына арнаған сөзінде ХӘМК 44-ші әлемдік конгресінің төрағасы Дэвид Смит Қазақстанның әскери-медициналық қызметі әскери медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа мазмұнды үлес қоса алатынына сенімді екенін жеткізді.
Өз кезегінде, кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан ХӘМК-ке бақылаушы мәртебесін алу қазақстандық мамандарға ұйымның мүше мемлекеттердің әскери-медициналық қызметтерінің кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған барлық іс-шараларына қатысуға мүмкіндік беретінін және осы маңызды салада тәжірибе алмасу үшін пайдалы алаңды қамтамасыз ететінін баса айтты.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің денсаулығын қорғау және медициналық жәрдемге құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін медициналық қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесі қалыптасқан және сенімді жұмыс істеуде. Бүгінде Қазақстанның әскери медицина жүйесі 20 әскери-медициналық мекемені және 130-дан астам медициналық бөлімшені қамтиды.
Айта кетсек, ХӘМК әлемдегі қарулы күштердің медициналық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 1921 жылы құрылған. Комитет жарғысы мен тарихи дәстүріне сәйкес Бас хатшысының кеңсесі Бельгияда орналасады. Бұл халықаралық ұйым БҰҰ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен тығыз ынтымақтастықта. Оның негізгі міндеттері – барлық мемлекеттердің әскери медициналық қызметтері арасындағы кәсіби ынтымақтастық байланыстарын нығайту; ғылыми зерттеулерді ілгерілету; әскери медицина үшін маңызды мәселелер бойынша оқыту, атап айтқанда қарулы күштердің медициналық қызметінің жас офицерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру .
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?