13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, мұқтажға көмек қолын созып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну – әрбір адамның азаматтық парызы.
Олай болса, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық шарасы аясында Қарағанды облысы ассамблея өкілдері, оның ішінде Аналар кеңесі мен қоғамдық ұйымдар, қорлар, этномәдени бірлестік мүшелері "Сарқыт" акциясын өткізді.
«Қайырымдылық керуені» акциясы – қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру мен қазақстандықтардың, солардың ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейтуге бағытталған жоба.
Аталған акцияға сондай-ақ, облыстың қалалары мен аудандарындағы ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының аймақтық штабы мен Қоғамдық келісім кеңестері, Приозерск қаласының "Үлкен жүрек", Қарағанды қаласы "Лучик надежды" ҚҚ қолдау білдіріп, көмекке мұқтаж отбасыларына сый қалталарын үлестірді.
Сәтбаев, Абай қалаларының меценат-қайырымгерлері Меруерт Бахбергенова пен Данияр Сәкенов көпбалалы отбасына барып, бүлдіршіндерге сыйлық үлестіріп, керемет көңіл-күйге бөленді.
Жыл басы осындай ізгі шаралармен басталып жатыр.
Сарқыт – халқымыздың ежелден қалыптасқан дəстүрі, бұл əр қонаққа көрсетілетін құрмет, сый-сияпат пен алғыс белгісі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды