30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТаразда «Мицва» Қазақстан еврейлерінің қауымдастығы Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітап тарту рәсімін өткізді.
Оның негізгі мақсаты – оқырмандарды Қазақстан, соның ішінде Жамбыл облысында тұрып жатқан еврей халқының тарихы мен салт-дәстүрлерімен таныстыру, сондай-ақ, жастарды мәдениет, тарихи оқиғалар мен халықтар мұрасына құрмет көрсетуге тәрбиелеу, Қазақстан халықтарының мәдени мұралары арқылы патриоттық рухты ояту.
Еврей қауымының ақсақалы, тарихшы, журналист Михаил Бунин 1992 жылы құрылған «Мицва» ұлттық ұйымының облыста «Шиват Цион» еврейлер мәдени орталығы мен «Хэсэд Полина. Қамқорлық орталығы» қайырымдылық қоғамдық бірлестігі жұмыс істеп жатқандығын айтып жеткізді.
Сонымен қатар ол «Мицва» қауымдастығының президенті, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Александр Баронның тапсырмасымен сыйға тартылған бұл кітаптар Қазақстандағы еврейлердің өмірі мен тарихын зерттеген ғалымдар мен мұрағатшылардың 20 жылдық еңбегінің жемісі екендігін атап өтті.
Кітаптардан бөлек, Шаббат, Рош–а-Шана, Суккот, Ханука, Ту-би-Шват, Пурим және Шавуот секілді еврей мерекелері негізіндегі музыкалық-ойындық аудиоспектаклдері басылған жеті CD-дискіні сыйға тартты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды