23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіФутболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін тең нәтижемен бастады. Талғат Байсуфинов шәкірттері бірінші таймда 0:2 жеңілгенімен, екінші кезеңде таразы басын теңестіріп, бір ұпай еншіледі.
Талғат Маруанұлы алғашқы минуттан алаңға Стас Покатилов, Елдос Аxметов, Александр Кислицын, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Сергей Малый, Мақсат Байжанов, Бауыржан Исламxан, Серікжан Мұжықов, Сергей Хижниченконы шығарды. Екінші таймда Азат Нұрғалиев, Ринат Абдуллин, Асxат Тағыберген ойынға араласты.
«Астана Арена» стадионындағы ойынның бірінші таймында Қазақстан құрамасы польшалықтардан 0:2 есебімен жеңілген болатын. Ойынның тоғызыншы минутында Бартош Капустка, ал 35-ші минутында Роберт Левандонвски пенальти соқты. Екінші тайм басталғанда Қазақстан құрамасы екі голды қатарынан соқты. 51-ші және 59-шы минуттарда Сергей Хижниченко қарсылас команда қақпасына екі гол салды.
Айта кетейік, Қазақстан Әлем чемпионатының Еуропа құрлығы бойынша iріктеу кезеңінде Е тобына түскен. Біздің топта Польшадан бөлек, Дания, Черногория, Армения, Румыния құрамалары бар.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады