12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікРусалина Пряхина, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті:
Ұлтым орыс. Көшеде жүргенде әртүрлі қызықты оқиғалар болып жатады. Бәрі менімен орысша сөйлеседі, ал мен оларға қазақша жауап беремін. Олар әрине, таңқалып жатады. Мектепте орыс тілінде оқыдым, қазақ тілін тек пән ретінде ғана оқығаныммен, Абайдың өмір жолын оқығаннан кейін қазақ тіліне деген қызығушылығым оянды. Сол уақыттан бастап мұғалімдерімнен көбірек тілдік білім алуға ұмтылдым. Қазақ тілі өте бай тіл. Кей сөздерді орысшаға аудара алмаймыз. Сондықтан қазақ кітаптарды түпнұсқада оқу керек деп ойлаймын. Анам үнемі «Қазақстанда тұрасың, сыртта қазақ тілінде сөйлесуің керек» деп айтып отыратын. Бүгінде анама алғысым шексіз.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер