Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.
Таз — Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді.
Таз руының ұраны: Бақай.
Шежіре деректері бойынша Таздың - Абдал, Жастабан және Шарға сынды ұлдары болған; келесі бір шежіреде Таздан - Ес, Естен - Абай, Қабай тараған; одан әрі өз реттерімен Абайдан - Жастабан мен Шарға, Қабайдан - Абдал, Жастабаннан - Байсары, Сүйірбас және Тілес, Шарғадан - Ақсерке, Жақсыбай, Жолым, Асан, Сырлыбай, Күнбас, Жиен және Жантай, Абдалдан - Шоқтығұл мен Құлай, олардан - Өтес, Жапақ, Мәмбетқұл, Көшей, Келдібай және Кішкене (Тұрымбет) ұрпақтары өрбіген. Жазба деректерде Таз алғаш рет М.Тевкелев еңбектерінде тілеумен бірге айтылады. Бұл рулар башқұрт халқының құрамында да болған. А.Ю. Якубовский зерттеуінде абдал тайпа ретінде 4 – 5 ғасырлардан белгілі екені және ол тайпа- рулары түрікменге де, қазаққа да қосылған деген тұжырым жасайды. Түрікмен абдалдары 18 – 19 ғасырларда Маңғыстаудымекендеген. Таздарға сол кездерде де араласуы мүмкін. Абдал өзбектің лоқайында, қырғыздың сарыбағыш тайпаларының құрамында да кездеседі. Таздың Ұлы жүзде жалайыр тайпасының сырманақ руында, ысты тайпасының ойық руында, албан тайпасының бозым тармағында, Орта жүз ашамалы керей руында ата есімі ретінде кездеседі. Таздың жауынгерлік ұраны – бақай, таңбасы
Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар.
Дизайнер: Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі