15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.
Төртқара руы.
Төртқара руының ұраны – Айыртау.
Төртқара – Кіші жүз Әлімұлының тармағы. 19 ғасырдың аяғында Әлімұлынан тараған ру бірлестігі ретінде айтылады.
Шежіре деректері бойынша Төртқарадан:
• Қараш,
• Оразкелді (Әлімұлы),
• Ораз,
• Жаншүкір аталары шыққан.
Бұл төртеуінен Тоқпан, Аппақ, Қасым, Торым, Бақшақ, Мазы, Келтеқара, Құламан, Құлтас, Ақкиіз, Қаракісі, Сейітқұл, Шобан, Тәлтекем, Қонысбек, Қаракемпір аталары өрбіген. Бұл деректер 16 – 17 ғасырларға жатады. Ал таңбасына, аталарының таралуына қарағанда, белгісіз бір себептермен найманның Матай руымен туыстығы байқалады. Оның қаптағай тармағының бір атасы да Төртқара аталады.
Қазан төңкерісіне дейін Жетісу облысы Қапал мекендеген. Өзге Төртқараның негізгі қыстауы Сырдың төменгі ағысы, жаз Қарақұмнан өтіп, Ырғыз, Өт өзендерінің бойын жайлаған. Енді бір аталары таңбасына қарағанда керей тайпасынан тарайды. Төртқаралар негізінен Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Самарқандта (Нұратада),Қарақалпақстанда тұрады. Төртқарадан Жалаңтөс баһадүр, Әйтеке би шыққан.
Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар.
Дизайнер: Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады