23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.
Қаракерей руы
Қаракерей — Орта жүз Найман тайпасының руы. Шежіре деректеріне қарағанда, Қаракерей құрамына Қожамбет, Мұрын, Ақымбет, Ерсары, Сыбан, Қыржы, Байжігіт, Жастабан, Шүрентай, Тоқпақ, Тума, Ақнайман, Семізнайман, Болатшы, Тайлақ, Жайнақ, Балқабет атты рулық топтар мен аталар кіреді.
Қаракерейлердің негізгі тобы Қазан революциясына дейін Зайсан уезін, біразы Семей, Өскемен және Лепсі уездерін мекендеген.
Негізгі кәсібі мал өсіру, аздап суармалы егіншілік болған, Ертіс өзені мен Зайсан көлінің жағасындағы жатақтар балық аулау кәсібімен айналысқан.
Қаракерейден әйгілі Қаракерей Қабанбай батыр шыққан. Оның есімі Қаракерей руының ұранына айналған. Рулық таңбасы – мүйіз.
Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар.
Дизайнер:Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады