Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҮкімет басшысы Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті отандастар! Баршаңызды береке-бірліктің бастауы, ізгілік пен жақсылықтың жаршысы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әз-Наурызды тойлау дәстүрі мазмұны жағынан жаңаша сипатқа ие болып, ұлық мереке өскелең ұрпақ үшін еселі еңбек пен өнегелі істердің ұйытқысына айналды.
Табиғат-Ананы мейірімге бөлеп, тіршілік атаулыны түрлендірген шуақты мейрам тарихымызды дәріптеп, рухани құндылықтарымызды дамытуға үлес қосып келеді. Жаңарған жыл басы еңсесі биік елдіктің тұғырын нығайтып, мемлекетімізге ризық-несібесін ала келсін.
Халқымызға тән бауырмалдық пен өзара жанашырлық сияқты асыл қасиеттер әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш сыйласын.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін! Ұлыс оң болсын, ырыс мол болсын!, - делінген құттықтауда.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?