7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Әнші Жанар Айжанованың қызы, бүгінде өзін әнші әрі актриса ретінде танытып үлгерген Айжұлдыз Адайбекова қашан да өз-өзін дамытуға тырысатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айжұлдыз бренд киімдерден гөрі білімге ақша жұмсағанды құп көреді екен. Соның арқасында кочу ретінде де, дизайнер ретінде де пайда табатынын алға тартты.
Мен өте көп оқимын, ізденемін. Соңғы рет біліміме 30 млн теңге жұмсадым. Біреуге бренд сөмкелер, қымбат киімдер керек шығар. Бірақ мен үшін ол түк емес. Маған үстімдегі киімнің бренд болуы маңызды емес. Маған бәрібір. Адам ізденуден шаршамауы керек, талпыну керек. Бұл өте маңызды. Себебі білімі бар адам жерде қалмайды. Өзің сапалы білім алған сайын, ортаң да сондай болады. Сондай ортамен анағұрлым тез өсесің. Мұндай адамдар үшін атақ, байлық – бәрі екінші орында. Ол өзі-ақ келеді. Бұл өмір қиын емес. Шектеумен қиындататын өзіміз. Мен коуч ретінде курстар сатамын. Дизайнерлік бойынша да курстар жүргізіп, жақсы ақша таптым. Жалпы ойымдағы заттарды үндемей жасап жүрген адаммын ғой, - деді Жанар Айжанованың қызы.
Бұған дейін туған күнін дүркіретіп атап өтіп, ол үшін 10 мың доллар жұмсағанын алға тартып еді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?