Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айзада Құрманова 1970 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын, Инновациялық Еуразия университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Май ауданы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары оқу бөлімінің меңгерушісі, орта мектеп директоры болып жұмыс істеді.
2002-2007 жылдары Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;
2007-2009 жылдары Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары;
2009-2011 жылдары Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;
2011-2014 жылдары Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі;
2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2016-2020 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары