1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова жаңа лауазымға ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
7-14 ақпан күндері аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойырдары аясында Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) Спортшылар комиссиясына сайлау өтеді. Қазақстан атынан бұл лауазымға Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) Спортшылар комиссиясының мүшесі Айза Мамбекова ұсынылып отыр.
Айза Мамбекова ұзақ уақыт бойы мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құраманың спортшысы болғаны көпшілікке белгілі. Оның 2017 жылғы Азия ойындары мен ірі халықаралық жарыстарды қоса алғанда, мол спорттық тәжірибесі оны жас буын үшін маман және тәлімгер ретінде қалыптастырды. Ол былтырғы қараша айынан бастап Айза ҰОК-нің Спортшылар комиссиясының құрамында, онда қазақстандық спортшылардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелермен айналысып жүр.
Сонымен қатар Айза Мамбекова мәнерлеп сырғанаудан команда жетекшісі ретінде осы спорт түрін елімізде дамыту бағытында жұмысын жалғастыруда. АОК Спортшылар комиссиясына сайлау қысқы Азия ойындары кезінде арнайы ұйымдастырылған сайлау орындарында өтеді.
Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардың АОК Комиссиясының жұмысына қатысуының маңыздылығын атап өтіп, спортшыларды Айза Мамбекованың кандидатурасын қолдауға шақырғаны айтылды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?