23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖуырда «Мәңгілік аспан астында» атты қазақстандық фильм Қытайда өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды.
Байқауға қатысқан 78 фильмнің арасында қазақстандық фильм «Инновациялық жобасы үшін» аталымында үздік атанып, ҚХР Мәдениет министрінің арнайы сыйлығына ие болды.
Ғылыми-танымдық туындыны режиссер Бақыт Қайырбеков 2015 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің тапсырысымен қолға алған болатын. Жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кітабының желісі бойынша түсірілген.
«Бұл фильм өзінің әділ бағасын алды. Мұнда қазақ халқының өмірі мен мәдениеті басқаша қырынан ашылған. Фильм көрмеге қатысушылардың үлкен ризашылығына ие болды. Алдағы уақытта екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынас нығая береді деген үміттеміз» деді Синьцзян-ұйғыр автономиялық ауданының Мәдениет басқармасы директорының орынбасары Кеңес Сани.
Сурет: tengrinews.kz
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады