23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шерзат Болаттың өліміне байланысты жүріп жатқан сот ісі барысында айыпталушы Дархан Әскентайдың қорғаушылары сотқа бірнеше өтінішхат тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда судья Ержан Жанұзақов адвокат Ержановтың өтініштерін әзірге қараусыз қалдырды, алдымен айыпталушыдан жауап алынатынын мәлімдеді.
Адвокаттың айтуынша, тергеу барысында Әскентайға психологиялық және физикалық қысым көрсетілген, сондай-ақ оқиға болғаннан кейін медициналық көмек тиісті деңгейде көрсетілмеген. Осыған байланысты ол оқиға орнынан кейін көмек көрсеткен дәрігерлерді сотқа шақыруды сұрады.
Шерзат Болаттың бет аймағына соққы жасалғаны бойынша Талғар аудандық ауруханасында медициналық тексеру жүргізілгенімен, қажетті ем көрсетілмеген. Соның салдарынан тергеу кезінде Әскентай толық жауап бере алмаған, ал оның денсаулығы ескерілмей, сот тергеуі заңсыз әрі қысыммен өткен, - деді ол.
Қорғаушы Әскентайға 28 күн бойы ешқандай ем жасалмағанын атап өтті. Ол көзінің астындағы сүйек сынғанын, көзі іріңдеп кеткенін айтты. Осыған байланысты Қонаев қаласындағы уақытша ұстау изоляторына ауыстырылған сәтте, ол алдымен қалалық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек алған. Осы мәселе бойынша адвокат изолятор басшысын сотқа куә ретінде шақыруды сұрады.
Бұдан бөлек, адвокат жәбірленуші тараптың заңды өкілі Қаржаубай Нұрымовтың соттағы жауабынан кейін, айыпталушының жездесі Ринаттың куә ретінде жауап беруін талап етті. Сондай-ақ Қаржаубайға қорғаушы тарап әлі қоймаған сұрақтар бар екенін айтып, одан қайта жауап алуды сұрады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік