18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Елнар Берікбаев бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көтерген мәселелеріне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық санада құқық тәртібін сақтау және құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, шектеулер немесе айыппұлдар енгізу кезінде парасаттылықты басшылыққа алу керек. Айыппұл – әкімшілік құқықта ең көп қолданылатын мәжбүрлеу ықпал ету шарасы. Айыппұлдың негізгі мақсаты – заңсыз әрекеттердің жолын кесу және алдын алу. Сонымен қатар, айыппұлдар да шамадан тыс болмауы керек, – деді сарапшы.
Осы орайда Елнар Берікбаев 2025 жылғы 10 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғанын да айтты.
Заңның аясында, мысалы, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының талаптарын бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 50%-ға төмендетілді:
1) діни жоралғыларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізу;
2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыру;
3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы объектілерді әкелу, өндіру, шығару, басып шығару және (немесе) тарату;
Бар әлемдік тәжірибе мәжбүрлеу шараларынсыз тәртіпке қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетіп отыр, сондықтан біз мемлекеттің іс-әрекетіне түсіністікпен қарауымыз керек, – деді президент.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр