23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Саят Медеуов әріптестеріне қатысты күтпеген ұсыныс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол “1001 түн” бағдарламасында қонақ болып, бүгінгі эстраданы сөз етті.
Мәдениет пен өнер саласында мен күйіп кететін нәрсе көп. Қазір аузына келген сөзбен ән жаза беретін әншісымақтар қаптап кетті. Сапасыз әншілерден, сапасыз ән туады. Оларға ешқандай шектеу болып жатқан жоқ. Содан кейін ойына келгенді жазады. Әннің сөзі әуенмен бірге төгіліп, поэзия секілді құйылып тұруы керек. Біз композитор, ақын, әнші деген үш тағанды жоғалтып алдық. Баяғыда ән осы үш тағанның уысынан шығып, сәтті екенін дәлелдейтін. Қазір бәрі майдаланып барады, – деп ашуланды Саят Медеуов.
Сондай-ақ, өнер иесі сахнада мән-мағынасы жоқ ән айтатындарға айыппұл салу керегін айтты.
Болмайтын ән айтатын әнші көп. Бәрі емес әрине. Арасында жақсы әншілер де бар. Бірақ сапасыз ән айтатындарға айыппұл салу керек. Заңмен шектеп, олардың еркін көсілуіне жол бермеуіміз керек. Ақыры бәріне айыппұл салып жатырмыз ғой. Көлікті 5 минуттан артық қыздырғанға да айыппұл салып жатырмыз ғой, одан да өнерді ластап, мәдениетті құртып жатқан әншісымақтарға айыппұл салғанымыз абзал, – деді әнші.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік