23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров күзде тұрғындар үшін коммуналдық қызмет қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлерде орташа баға айына 2-4 мың теңгеге артады. Бұл аймаққа байланысты болады. Біз жылуды үнемдеуге шақырамыз. Ендігі таңда орташа қалыпты жылу көрсеткіші 21 градусты құрайтын болады. Тұрғындар қыста 23-25 градус жылуға үйреніп қалған, оны қалыпты температураға түсіргенде халық шағымдана бастайды. Сондықтан қалыпты температураға (20-21 градус) үйрену керек. Тіпті, қыс мезгілінде де біздегі ресурстарды үнемдеу қажет. Адамдар үйдің қатты ыстық болғанына үйреніп алған. Сол үшін де желіге үлкен күш түседі, - деді министр.
Оның айтуынша, бұл жағдай халықты электр энергиясын үнемдеуге ынталандырады. Қазіргі таңда қазақстандықтардың есептеу құрылғысымен қамтылуы 74%-ға жеткен.
Бұл жерде барлығы тарифтерге байланысты емес. Бюджет өзіне үлкен жүктеме алып отыр. Бюджетке үлкен салмақ түседі. Тарифтер азаматтарға қолайлы болуы керек. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әкімдік арқылы өтемақы жасау мүмкіндігі бар, - деді министр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік