Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерӘлеуметтік желіде Алматыда термосөмке асынып, сәбиін ұстаған курьер әйелдің видеосы қызу талқыланды. Бұл оқиға қоғам назарын тек баласын жұмысқа ертіп шыққан анаға ғана емес, курьер мамандығының табысына да аударды. Себебі жұмыс іздеу сайттарында курьерлердің айына 1,5 миллион теңгеге дейін табыс табатыны туралы хабарландырулар жиі кездеседі. Алайда бұл мәлімет шындыққа қаншалықты жақын? Осыған жан-жақты тоқталып өтейік.
Ақшаны миллиондап табады деген қайдан шықты?
finprom мәліметінше, жұмыс іздеу платформаларындағы хабарландыруларда курьерлерге айына 1,3-1,5 миллион теңгеге дейін табыс табу мүмкіндігі ұсынылады. Мұндай жалақы көбіне Алматы, Астана сияқты ірі қалалардағы азық-түлік, дәрі-дәрмек және дайын тағам жеткізетін сервистерде көрсетілген.
Мысалы:
Бірақ бұл сандар максималды жүктемемен, ұзақ жұмыс ауысымдарымен және тапсырыс саны өте көп болған жағдайда ғана көрсетіледі.
Курьердің шығыны да аз емес
Жарнамалардағы сома таза табыс емес. Курьерлердің басым бөлігі жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейді. Сондықтан олар салық төлейді, міндетті әлеуметтік аударымдар жасайды, көлік немесе велосипедті жөндеу шығындарын көтереді және жанармай мен техникалық қызмет көрсетуге ақша жұмсайды. Сол себепті қағаз жүзіндегі табыс пен қолға алатын нақты ақша арасында айырмашылық бар.
Қазақстандық БАҚ-та жарияланған мәліметтерге сәйкес, Алматы мен Астанадағы курьерлердің орташа айлық табысы – шамамен 300 мың теңге.
Ең белсенді әрі тапсырысы көп курьерлер 450-500 мың теңгеге дейін табыс таба алады. Ал кейбір агрегаторларда күніне 50 мың теңге шығуы мүмкін.
Егер курьер айына 20 күн бойы осындай жоғары қарқынмен жұмыс істесе, оның табысы шамамен 1 миллион теңгеге жетуі мүмкін. Бірақ одан салықтар мен басқа шығындар шегеріледі.
Ашық дереккөздерде немесе әлеуметтік желілерде айына 1,5 миллион теңге табатын курьерлер туралы нақты мысалдар кездеспейді.
Ресми статистика не дейді?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында пошта және курьерлік қызмет саласындағы орташа айлық жалақы:
Қазақстан бойынша – 291,9 мың теңге, Алматыда – 424,7 мың теңге, ал Астанада – 474,8 мың теңге болған. Кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 200 мың теңге шамасында ғана.
Бұл деректер курьерлердің нақты табысы жұмыс іздеу сайттарындағы жарнамаларда көрсетілетін ең жоғары сомалардан едәуір төмен екенін көрсетеді.
Соңғы 5 жылда Қазақстандағы жеткізу қызметтері нарығы айтарлықтай өсті.
2020 жылы пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 41,8 млрд теңге болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 86,3 млрд теңгеге жеткен.
Сонымен қатар салада кадр тапшылығы байқалады. 2025 жылы пошта және курьерлік қызметтердегі кадр ауысу деңгейі ел экономикасындағы орташа көрсеткіштен жоғары болған. Бұл жұмыстың ауырлығымен және қызметкерлердің жиі ауысуымен байланысты.
Курьер болудың кемшіліктері
Курьерлік қызмет жоғары табыс табуға мүмкіндік беретіндей көрінгенімен, оның өзіндік қиындықтары да бар. Мәселен физикалық төзімділікті талап етеді, ауа райына тәуелді, тұрақты стресс пен уақыт қысымымен байланысты және қызмет бойынша өсу мүмкіндігі шектеулі.
Сондықтан көптеген адам үшін бұл тұрақты мансап емес, уақытша табыс көзі болып қала береді.
Қазақстанда курьерлердің айына 1,5 миллион теңге табуы теориялық тұрғыдан мүмкін болғанымен, бұл өте сирек кездесетін жағдай. Мұндай табысқа жету үшін ұзақ жұмыс уақыты, жоғары жүктеме және тапсырысы көп ірі қалада жұмыс істеу қажет.
Ал ресми статистика мен нақты тәжірибе көрсеткендей, курьерлердің орташа табысы көбіне 300-500 мың теңге аралығында қалыптасады. Сондықтан миллион жарым теңге туралы жарнамаларды кепілді жалақы емес, ең жоғары ықтимал табыс ретінде қабылдаған жөн.
Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?