Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандық таеквондошы Айым Серікбаева Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медальға ие болды. Отандасымыз Olympic.kz сайтына берген сұқбатында жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Мен бүгінгі жарыста 44 келіде чемпион атандым. Жеке бапкерім мен аға жаттықтырушыларыма көп рақмет. Бүгінгі жарыста бәрі ойдағыдай болды. "Чемпион боламын" деп едім. Нәтижесінде мақсатыма жеттім. Осымен тоқтап қалмаймыз. Жеңістер әлі алда. Ал бүгінгі жарыста ең қиын болған сәт - жартылай финал. Кішкене өзімді қолға ала алмай қалдым. Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет, - деді Айым Серікбаева.
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңген болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады