Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАюсай шатқалында жоғалып кеткен туристер табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, үш адамнан тұратын туристер тобы Алмарасан шатқалынан бастап, одан әрі Проходное шатқалынан Аюсай шатқалына дейінгі бағыт бойынша тауға кеткен. Кеш түскенше туристер үйлеріне оралмаған. Олардың туыстары Алматы қалалық ТЖД-ға хабарласып, көмек сұраған.
Туристерді іздеуге 7 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде бір кинологиялық есеп жолға шықты. Сағат 03.10-да ТЖМ қызметкерлері Аюсай шатқалына келіп, іздеуге кірісті. Құтқарушылар 2 топқа бөлінді: біріншісі Космостанция аймағынан іздеуді бастады, ал екіншісі Проходное шатқалынан өтті, - делінген мәліметте.
Жоғалған туристер Аюсай шатқалындағы екінші сарқыраманың үстінен табылды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған. Нәтижесінде үш адам, 1993 жылы туған ер адам және Ресейдің екі азаматы - 1990 жылы туған әйел және 1980 жылы туған ер адам құтқарылды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары