Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған қажылыққа ұша алмаған туристердің шағымы себеп болып отыр. Данияр Имашев соларға жолдама сатқан «Qazaq travel» компаниясының атқарушы директоры көрінеді.
Бүгін таңда қасиетті мекенге ұшуы тиіс болған туристер қазір Әуезов аудандық полиция басқармасын айналшықтап жүр. Себебі, «Qazaq travel» компаниясы 1 күн қалғанда олардың ешқайда ұшпайтынын мәлімдепті.
Тоғызы күні ұшатын рейсімізде ешқандай адам ұшқан жоқ. Бір халыққа шығып, үндеу айтқан жоқ. Билеттің бағасы өсіп кетті ау, басқа да жағдай болып қалды ау деген үндеу болған жоқ. Бізге ешқандай дәлел көрсетіп тұрған жоқ. Билет, қонақүй төленді дегенді әлі көрсеткен жоқ, - деді Медина Жарылғапова есімді «Qazaq travel» компаниясының клиенті.
Қазір компанияның кеңсесі жабық тұр. Ал, Мәдина мен Меккеге ұша алмаған 50-ге тарта адам полицияға шағым түсірген. Сөйтіп, полицейлер алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғапты. Күдікті ретінде үш адам танылған. Олардың қатарында компанияның атқарушы директоры Данияр Имашев та бар. Жұрттың қажылықтан қалу себебін сұраған тілшілерге ол бүгін үн қатпады.
Есесіне, туындаған қиындықтың себебін болашақ қажыларға оның әкесі түсіндіріп берген. Балғынбек Имашев әуе билеттерінің де, қонақүй бағасының да қымбаттап кеткенін айтады. Әрі мұнда ешқандай алаяқтық жоқ деп сендіріпті.
Көп адамдар акциямен алған. Арзан бағада алды. Қазір баға қымбаттап жатыр. Қымбат билет алынып жатыр. Ұшақтың бағасы қымбат болып жатыр. Қонақүйдің бағасы қымбат болып жатыр. Сол себепті құрылтайшылар өз қалтасынан қосып, қаржы салып, сіздердің қызметтеріңізде болуға талпынып жатыр, - депті айтыскер ақын Балғынбек Имашев.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар