«Әйтпесе Қуандық көріп қояды». Сотта Салтанат Нүкенованың сіңлісі жауап берді

8 Сәуір, 17:19 2133

Күйеуі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты деген Салтанат Нүкенованың немере сіңлісі Айнұр Нүкенова сотта айғақ берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айнұр Нүкенованың айтуынша, Қуандық Бишімбаевқа тұрмысқа шыққан соң Салтанат Нүкенованың мінез-құлқы өзгерген.

Оқи отырыңыз:

2023 жылы Салтанат Нүкенова сіңлісіне денесі үнемі көгеріп жүргендіктен де кездесе алмайтынын айтқан.

Ол (Қуандық Бишімбаев - редакция) бәріне тыйым салатын, Салтанат солай айтқан. «Шыққым келеді, бірақ шыға алмаймын» деді. Салтанат оның өзіне қалай қарайтынын, не айтатынын үнемі уайымдап отыратын. 2023 жылғы 5 қарашада соңғы рет көрдім, сол кезде оған «сені алып кетейін, ешбір бақылаусыз өзіміз отырып сөйлесейік» дедім. Оны құшақтағым келді, - дейді куәгер.

Айнұр Нүкенованың сөзіне қарағанда, Салтанат Нүкенова отбасына да қоңырау шалуын азайтқан.

Мысалы, мен оған хабарлама жазсам, жауап бермейтін, «өзім жазамын, әйтпесе Қуандық көріп қояды» дейтін. Үйлену тойынан соң қатты арықтап кетті, ол көзге көрініп тұрды. Бұлай болмайтынын айтатынмын, - дейді куәгер.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: