11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекСалынған 26 тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғындардың қуанышына аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев, Bi Group компаниясы мен мердігер компаниялардың өкілдері ортақтасты.
Аудан басшысы құттықтау сөзінде жерлестеріне түсіністік танытқандары үшін, сондай-ақ, мердігер компанияларға аз уақытта сапалы нәтиже көрсеткені үшін алғысын жеткізді.
Өз кезегінде мердігерлер мен Bi Group компаниясы атынан әйтекебилік жаңа қоныс иелеріне тұрмыстық техникалар сыйлыққа берілді.
Тұрғындар өз кезегінде құрылыстың уақытылы және сапалы аяқталғаны үшін ризашылығын білдірді.
Ауданда 150-ге жуық арыз түсіп, комиссияның техникалық бақылауы нәтижесінде, 64 жөндеу жұмыстарына тиісті қаражаты бөлінді. 51 үй тұруға жарамсыз деп танылды.
Соның ішінде, 25 отбасы Б.Өтемұратов қорының қолдауымен екінші нарықтағы үйді алуға ынта білдіріп, осыдан 2 ай бұрын баспаналы болса, қалған 26 тұрғын жаңа үй салуды таңдаған еді. Тұрғын үй құрылысына 751,4 млн. теңге жұмсалды.
ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Ақтөбе облысында салынып жатқан 502 жеке тұрғын үйдің 144-інде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, зардап шеккен отбасыларға екінші нарықтан 495 үй сатып алынды, 3047 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес