6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов Түркияда өткен соңғы іріктеу турнирін қорытындылады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетелік, еркін күрес шеберлері үш салмақта (57, 65, 74 келі) сынға түсіп, үшеуінде де жолдама ала алмады.
Негізі жігіттер жақсы күресті. Бірақ шешуші сәтте шеберлік жетпей қалды. Құрамға келер болсақ, жігіттердің бәрін әділетті түрде таңдап алдық.
Адлан Асқаров салыстырмалы түрде Бішкекте күрескен Майс Алиевтен мықтырақ. Рахат Қалжан да ең соңына шейін күресті.
Ал Нұрғожа Қайпановтың әлеуеті осы. Бұдан биікке секіре алмайды. Қазір ол сынға түсетін 74 келі еркін күрестегі ең беделді салмақ. Сондықтан алысқа бармады. Ыстамбұлдағы турнирден соң айтарға сөз жоқ, - деді Құрамысов.
Ыстамбұлдағы турнирде Рахат Қалжан (57 келі) жолдама үшін өткен белдесуде ұтылса, Адлан Асқаров (65 келі) екінші айналымда жеңілді. Нұрғожа Қайпанов (74 келі) болса, қола медаль үшін белдесуде тізе бүкті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі