Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАйтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева бала тәрбиесіне қатысты ойын ортаға салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Егер балаларыңыздың тұлға болғанын, еркін ойлай алатын, рухты азамат болғанын қаласаңыз, әйеліңізді бақытты қылыңыз! Әйел ашынса, отбасының берекесі кетеді. Өзінің ата-анасын жамандай беретін адамдардан алыс жүріңіз. Бала-шағасын қарғай беретін әйелге жақындамаңыз. Қанша ашуланып тұрсаңыз да, айналаңызға уыңызды шашпаңыз. Балаларға ешқашанда «жоғал, құрып кет, иттің баласы, үніңді өшір, аузыңды жап» деп айтуға болмайды. Ананың әрбір сөзі – дуа! Тілі таза адамның ділі таза, рухы биік, – деп жазды коуч-психолог.
Сонымен қатар тым асыра мақтау да артық екенін тілге тиек етті.
Өзгеруге ешқашан кеш емес! «Балам өскенде қыздардың бәрі артынан жүгіреді, қызым өскенде, бүкіл жігітті ғашық қылады» деген сөздерді айтуға болмайды. Баланы «бірдеңеге ұшырайсың» деп қорқытуға болмайды. Өз ата-анасынан қорқатын бала өзгелерге пікір айта алмайды. Балаларға тағы қандай сөз айтуға болмайды, бөлісе кетіңіз..., – деп жазды айтыскер.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары