Айналымнан шығып қалған купюраны не істейміз?

Айналымнан шығып қалған купюраны не істейміз?

Айзат Айдарқызы
Фото: El.kz

Биыл 25 маусымнан бастап 2000 теңгелік ескі банкнота айналымнан шықты. Қазір дүкенде, банкоматта ескі купюраны қабылдамайды. Жұрттың дені банкнотты қайда ауыстырарын білмей дал. Осы орайда, қай үлгі жарамды екенін, қайда ауыстыруға боларын түсіндіреміз.

Қандай банкнота айналымда жоқ?

фото: Ұлттық банк/ ескі үлгідегі 2000 теңге

Қазір «Қазақ елі» монументі бейнеленген банкноттар мен «Сақ стилі» сериясындағы банкноттар қатар айналымда жүр. Бірақ Ұлттық банктің хабарлауынша, 2000 теңгелік маусымда  айналымнан шықты. Оны әлі үш жыл бойы екінші деңгейдегі банктерде айырбастап алуға болады. Ал Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында  айырбастау мерзімі шексіз. Сондықтан ескі үлгідегі 2000 теңгелік купюраны айырбастауға асығыңыз. 

фото: Ұлттық банк/ ескі үлгідегі 5000 теңге

Иә, ескі 2000 теңгелік банкнотамен қатар  «Қазақ елі» монументі бейнеленген 5000 теңгелік купюра былтыр қыркүйекте айналымнан шықты. Егер осындай қағаз ақшаңыз болса, 2028-ші жілдің қыркүйегіне дейін оны екінші деңгейлі банктерде айырбастап алуға болады. Ал Ұлттық банктің аумақтық филиалдарында айырбастау мерзімі шексіз. 

Ескі 500 теңгемен төлем жасауға болады

фото: Ұлттық банк/ ескі үлгідегі 500 теңге

Ал «Қазақ елі» монументі бейнеленген 500 теңгелік банкнота туралы уайымдамасаңыз болады. Мұндай купюра 2027 жылға дейін жарамды. 

Ескі 500 теңгелік банкнота әлі айналымнан шыққан жоқ. Келер жылдың желтоқсанына дейін қатар айналымда болады, – деп жауап берді Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

фото: Ұлттық банк/ ескі үлгідегі 1000 теңге

Ұлттық банктің хабарлауынша, 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттар 2027 жылғы 27 наурыз аралығында айналымда болады. 2027 жылғы 28 наурыз – 2030 жылғы 27 наурыз аралығында барлық екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпошта» АҚ филиалдарында айырбастайсыз.

фото: Ұлттық банк/ ескі үлгідегі 10 000 теңге

Сол сияқты ескі 10 000 теңгелік банкнота да келер жылға дейін төлем жасауға жарамды. 

10 000 теңгеліктің қатар айналым мерзімі 2027-ші жылдың маусымына дейін ұзартылды, – деп жауап берді Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Ескі ақшаны ертерек ауыстырып алыңыз

Оқи отырыңыз

{