12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПариждің әлемге әйгілі Лувр мұражайы үш күн бұрын болған аса ірі ұрлық оқиғасынан кейін қайта жұмысын бастады. Таңертеңнен бастап-ақ әйнек пирамида маңына ондаған турист жиналып, мұражай есігінің ашылуын тағатсыздана күтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Le Parisien-ге сілтеме жасап.
Лувр президенті және директоры Лоранс де Кар осы оқиғаға байланысты алғаш рет көпшілік алдында жауап бермек. Ол сәрсенбі күні сағат 16:30-да Франция Сенатының мәдениет жөніндегі комитетіне шақырылып, ұрлықтың қалай болғанын және мұражайдың қауіпсіздік жүйесінің қазіргі жай-күйін баяндауы тиіс.
Бұған дейін Францияның Есеп палатасы Луврдың шамамен үштен бір бөлігі бейнебақылау жүйесімен қамтылмағанын ескерткен болатын. Бұл ескерту, өкінішке қарай, расталды: қауіпсіздік жүйесіндегі әлсіздік ұрыларға музейге оңай енуге мүмкіндік берген.
Еске салсақ, өткен жексенбіде белгісіз төрт адам Луврдағы әйгілі Аполлон галереясынан екі витрина ішіндегі сегіз бағалы әшекейді ұрлап кеткен. Сарапшылардың дерегінше, олардың жалпы құны 88 миллион еуроға тең.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер