Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Hewlett-Packard Inc Орталық Азия кеңсесінің үкіметпен байланыс және мемлекеттік саясат бөлімінің басшысы Диана Райанмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Hewlett-Packard компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылады.
Диана Райан Hewlett-Packard Қазақстанның жоғары оқу орындарына компанияның онлайн-ресурстарын тегін пайдалануға мүмкіндік беруді қарастырып жатқанын айтты. Сондай-ақ оқу орындарына техника, оның ішінде 3D принтерлер мен компьютерлерді өтеусіз негізде беруді жоспарлап отыр. Бұл сұрақтар тағы да талқыланатын болады. Кездесу соңында Саясат Нұрбек қонаққа кездесу үшін алғыс айтып, ғылым және жоғары білім саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары