7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Әйгерім Алтынбек XI Халықаралық опера әншілеріне арналған Портофино байқауында финалға өтті. Аталған байқау 2025 жылдың 22-27 шілде аралығында Италияда өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, CLIP байқауы алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылып, 32 жасқа дейінгі опера әншілері үшін ең беделді халықаралық додалардың біріне айналды. Қазылар алқасының құрамында Милан қаласындағы «La Scala», Монте-Карлодағы Опера, Буэнос-Айрестегі Колон театры, Мадридтегі Король театры, Висбаден мемлекеттік театры сынды танымал театр басшылары бар.
Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтеді. Ең әуелі қатысушылар алдын ала тыңдаудан өтеді. Кейін оркестрдің сүйемелдеуімен Piazzetta di Portofino деп аталатын Портофиноның орталық алаңында өтетін финалға қатысады. Бұл іс-шара гала-концертпен аяқталады.
Әйгерім Алтынбек әлемнің 50-ге жуық елінен келген 92 қатысушыны басып озып, классикалық вокал өнерінде Қазақстанның орнын айшықтап берді.
Айта кетейік, Әйгерім Алтынбек көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты атанған. Бұған дейін ол Италияда өткен опера әншілері байқауының жеңімпаздары қатарынан көрініп, Модена қаласында (Италия) өткен Николай Гяуров атындағы халықаралық опера байқауында үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар ол әйгілі Италья опера әншісі Мирелла Френи атындағы арнайы марапатты жеңіп алды. Сонымен қатар әнші әйгілі «Ла Скала» театрының жастар бағдарламасына қатысты және алдағы екі жыл бойы сол жерде білім алады. Ал маусым айында ол әлемдік опера жұлдыздары Хосе Каррерас және Андреа Бочеллимен бірге бір сахнада өнер көрсетті.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?