15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыШымкент қаласында азаматтық некедегі сүйіктісін соққыға жыққан ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға 2024 жылдың 1 мамырында болған. Кешкі уақыттағы жанжал кезінде О. есімді азамат азаматтық жұбайы С.-ның бет тұсына бірнеше рет ауыр соққы берген. Салдарынан жәбірленушінің төменгі жақ сүйегі сынған.
Іс материалдарына сәйкес, отбасылық жанжал ауыр дене жарақатына әкелгендіктен, прокуратура айыпталушыға бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленуші де сот процесінде қылмыстық жауапкершілікке тартуды және азаматтық талабын қанағаттандыруды талап етті. Ал сотталушы өз кінәсін тек жартылай мойындап, жазадан босатуды сұраған.
Сот айыпталушы О.-ны кінәлі деп танып, прокурор сұраған мерзімді толығымен бекітті және бір жыл түрме жазасы тағайындалды.
Ал жәбірленушінің азаматтық талабы сот шешімімен ішінара қанағаттандырылды.
Бұл оқиға тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетеді. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар жиілеп бара жатқандықтан, құқық қорғау органдары мен қоғам тарапынан алдын алу шараларын күшейту қажет екенін ескертті.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады