6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы жапон Юзуру Ханю үйленген соң арада бірнеше ай өткен соң ажырасып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, Ханю заңды некелескені туралы ақпарат 2023 жылғы тамызда тарады.
Ал спортшының некесін бұзуына оның жұбайының тарапына жасалған қысым себеп болған көрінеді. Ханю әлеуметтік желіде БАҚ өкілдері тарапынан қысымға ұшырағанын жазды. Оның сөзінше, ол қоқан-лоқы көрсетіліп, қудаланып, тіпті шабуыл да жасалған.
Ханю мансабын 2022 жылдың шілдесінде аяқтады. Ол Олимпиада ойындарынан бөлек әлем біріншілігінде де екі рет топ жарып, үш рет күміс және екі рет қола жүлдегер атанды.
Бейресми мәлімет бойынша Юдзуру өзінен 8 жас үлкен скрипкашы Маюко Суэнобуға үйленген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі