Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Соттың үкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Сәкен Мамаш кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді судья Артур Абдыханов жария етті.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес, Сәкен Мамаш 1-сыныпты кеңесші дәрежесіндегі дипломатиялық атағынан айырылды.
Экс-дипломатқа қатысты сот процесі 10 маусымда басталған болатын. Іс жабық форматта қаралды. Бұған дейін сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ қолдану туралы өтінішті қанағаттандырмаған еді.
Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Сәкен Мамаштың бұрынғы жұбайы Карина Госман оның он жыл бойы денесіне және жыныстық тұрғыда күш қолданғанын мәлімдеген. Осы мәлімдемеден кейін Сакен Мамаш қызметінен шеттетілген. Осы жылдың 28 маусымында Сәкен Мамаштың үстінен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша сот отырысы өткен болатын.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары