Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі М.-ға қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша істі (ӘҚБтК-нің 73-1-бабы) қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттың хабарлауынша, істің мән-жайлары бойынша М. жанжал барысында жұбайына қатысты күш қолданған.
Істі сот М. әкімшілік жауапкершілікке тартылған ӘҚБтК санкциясы шеңберінде қарады.
Сот отырысы барысында М. және оның адвокаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, оның кінәсі іс материалдарымен дәлелденбегенін көрсетті, сондай-ақ құқық бұзушылық жасалған орын ҚР юрисдикциясына жатпайтынын, одан бөлек М.-ның әрекеттері қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде жеке тергеу жүргізіліп жатқан өзінің және оның жұбайының арасындағы отбасылық-тұрмыстық іс-әрекеттерге жататынын көрсетті, - делінген ақпаратта.
ӘҚБтК-нің 73-1-бабының санкциясы ескерту түріндегі жазаны немесе 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар