Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана қаласының Полиция департаменті бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтынасілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметі редакция сұранысына берген жауабында құқық қорғау органдары былтыр Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінде кеңесші қызметін атқарған Сәкен Мамашқа қатысты жұбайын жүйелі түрде ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын еске салды.
Полиция тарапынан жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті сараптамалар жүргізілді. Айтарлықтай дәлелдемелер жиналып, бекітілді, – делінген департамент хабарламасында.
Тергеу нәтижесі бойынша тергеу соты күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу шешімін шығарды. Тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеудің өзге де деректері жария етілмейтінін айтты.
Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында «НеМолчи.kz» қорының парақшасында Сәкен Мамаш есімді елшілік кеңесшісінің жұбайын тұрақты түрде ұрып-соғатыны туралы ақпарат жарияланған болатын. Бұл жағдайға ҚР Сыртқы істер министрлігі де үн қатып, дипломатты шұғыл елге кері шақырту жөнінде шешім қабылдағанын хабарлаған.
2024 жылдың 28 маусымында Астанадағы мамандандырылған әкімшілік сот Сәкен Мамашқа қатысты денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша істі қарады. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар